Төлеби ауданында қосымша білім беру мекемелерінің форумы өтті

0
1 781

«Төлеби балалар көркемсурет мектебіне» Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО федерациясы клубының мүшелік сертификаты табысталды.


Төлеби ауданында қосымша білім беру мекемелерінің форумы өтті

Түркістан облысы, Төлеби аудандық мәдениет үйінде қосымша білім беру мекемелерінің форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара «Мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің 100 жылдық мерейтойына» арналып өткізілді. Форумға Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков және білім беру саласы қызметкерлері мен жас жеткіншектер қатысты.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер қосымша білім берудің маңызын арттыруда. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептер базасында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыра бермек.

Іс-шара барысында аудан басшысы Бауыржан Омарбеков оқушылар бойындағы қабілеттерін тауып, шығырмашылыққа баулып жүрген қосымша білім беру саласы қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, үздік ұстаздарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Мерейтой аясында «Төлеби балалар көркемсурет мектебіне» Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО федерациясы клубының мүшелік сертификаты салтанатты түрде берілді. Сондай-ақ форумда Төлеби ауданының жас шеберлерлерінің шығармашылық жұмыстары көрсетілді.

Аталған іс-шара жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі