Төлебиде әлеуметтік нысандар құрылысының жұмысы бойынша жиын өтті

0
2 305

Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2018 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысының барысы туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бекболатов Ержан Тілемісұлы баяндады.


Төлебиде әлеуметтік нысандар құрылысының жұмысы бойынша жиын өтті

Төлеби ауданы әкімдігінде жоспарлы әкімдік мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәжіліс аудандық мәслихаттың хатшысы, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала,ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, ауданның тиісті мекеме басшылары,аудан газеттерінің редакторларының қатысуымен өтті.

Мәжіліс барысында екі мәселе талқыланды.
Бірінші мәселе облыс және аудан әкімінің тоғыз айда берген тапсырмаларының орындалу қорытындысы туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Жүнісбеков Досхан Бақытұлы баяндады. Баяндама барысында дербес бөлімдерге және ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың орындалуы туралы әр бөлім басшылары орындалмаған тапсырмалар бойынша өз жауаптарын берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе 2018 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысының барысы туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бекболатов Ержан Тілемісұлы баяндады.
Аудан басшысы баяндамаларды тыңдап шығып, орындалмаған тапсырманы орындауға қанша уақыт қажет ететіндігі жайлы жауапты бөлімнің өзінен сұрап, сол уақыт ішінде бітіруге уақыт берді.