​Төлебиде ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің "Алтын күз" мерекесі болды

0
2 423

Түркістан облысы әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығы саласының дамуына еселі үлес қосқан ауыл әкімдерімен мекеме қызметкерлерін марапаттады.


​Төлебиде ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің

Орталық алаңда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ауылшаруашылығының (асыл тұқымды мал шаруашылғы, ауыл шаруашылық техникасы) көрмесі бастау алды деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Төле би ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік бағдарлама әр округ жеке-жеке тақырыпқа сай, үстінде округте өндірілген өнімдердің көрмесімен безендірілген жүк көлікпен және ауылшаруашылық озаттары бастаған сала мамандарының, «Төлеби су шаруашылғы» МКК қызметкерлерінің және ветеринария бөлімі, «Төлеби ауданының ветеренариялық қызметі» МКК арнайы киіммен, техникасымен мерекелік шеруінен басталды.

Сахна төріне Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Бақытұлы шығып мерекелік құттықтау сөздерін айтты. Егін шаруашылығы бойынша астық егіп үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендер, жаңадан құрылған ауыл шаурашылығы өндірістік кооперативтері, қымыз бағытында және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа қожалықтары аудан әкімінің мараппатауына және сыйлықтарға ие болды.

Етті тауық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жасап жатқан шаруашылықтар, көкөніс, жеміс –жидек және ет өнімдерін қайта өңдеу бағытында қызмет ететін кәсіпкерлер, Жеміс-жидек, жүзім және көкөніс егіп, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген, ауыл шаруашылығы саласына жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы марапаттады.

Сондай ақ, Түркістан облысы әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығы саласының дамуына еселі үлес қосқан ауыл әкімдерімен мекеме қызметкерлерін марапаттады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан озат комбайнер мен механизаторларды, ауылшаруашылығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеке шаруа қожалықтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген қызметкерлерді марапаттады.

Марпаттау рәсімінен кейін орталық алаңда спорттың үш түрінен қалалық біріншілік ұйымдастырылып өткізілді. Қазақша күрес, қошқар көтеру және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.
Қошқар көтеру спортынан 20-41 әскери бөлімінің десанты шабулдаушы заставасының аға бағалаушысы сол қошқарды иеленді. Қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Сондай ақ, орталық алаңда әр ауылдық окургтерден киіз үй орнатылып, мерекелік дастархан жайылған.