Төлебиде электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

0
1 022

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.


Төлебиде электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ауданда ұзындығы – 31,2 шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар, төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі бірлесе атқарып отыр.

Жалпы аудандағы электр жүйелерінің ұзындығы - 1342,8 шақырымды құраса, оның 828,3 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда.

Бұдан бөлек, аудан халқын сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 11 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде.

Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асқан уақытта Ленгер қаласы және 10 ауылдық округке қарасты 32 елді мекендегі 67 көшенің, яғни 10 240 тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылады.