Төлебиде туристік аймақтар сапалы интернет желісімен қамтылатын болады

0
1 215


 Төлебиде туристік аймақтар сапалы интернет желісімен қамтылатын болады

Бүгін Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков ауданымызда орналасқан туристік аймақтарын сапалы интернет желісімен қамту туралы «Kcell»АҚ-нің Түркістан облысы бойынша филиалы басшысы Б. Шалғынбаевпен, «Қазақтелеком» АҚ және «Beeline»АҚ өкілдерімен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Кездесу нәтижесімен аталған интернет операторларымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік және демалыс аймақтарын 2019 жылы I-тоқсанда толық сапалы интернет желісімен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, интернет операторларымен алдағы уақытта Ақмешіт шатқалы және Қасқасу елді мекендерін сапалы интернет желісімен толығымен қамту жұмыстары аудан әкімдігімен бірге жүргізу жоспарлануда.