Түркістан және Кентау қалаларының даму концепциясы талқыланды

0
1 875

Тұран жерінде туризмді дамыту үшін 2018 жылы 3 жұлдызды қонақ үй, 2000 адамға түрлі қызмет көрсету мүмкіндігі бар “Mega city” ойын-сауық кешені мен 100 адамға арналған Спорт сауықтыру кешенін іске асыру көзделуде.


Түркістан және Кентау қалаларының даму концепциясы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымын алқалы жиын өтті. Басқосуда Кентау және Түркістан қалаларының 2018-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы талқыланды.

«Қаланың 2017 жылғы жалпы өңiрлiк өнiмi 108 531,5 млн. теңгенi құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артты. Ал 2018 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 125 524,8 млн. теңге құрап, 7 пайызға арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін 227 825,5 млн. теңгеге жеткізу көзделіп отыр», - деді Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Қалманұлы.

Сондай-ақ, Тұран жерінде туризмді дамыту үшін 2018 жылы 3 жұлдызды қонақ үй, 2000 адамға түрлі қызмет көрсету мүмкіндігі бар “Mega city” ойын-сауық кешені мен 100 адамға арналған Спорт сауықтыру кешенін іске асыру көзделуде.

Түркістан қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2018 жылы жалпы 5 нысанның құрылысына 821,6 млн. теңге бөлініп 2018-2019 жылдары пайдалануға беріледі. 2025 жылға дейін Түркістан қаласында және елді мекендерде халықтың табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй саласында жалпы 2018 жылы 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. 2019-2025 жылдар аралығында Түркістан қаласында бюджет есебінен жалпы 280 мың шаршы метр арендалық тұрғын үй салынып, 4800 отбасыға пайдалануға берілетін болады.

Кентау қаласының 2018-2025 жылдарға арналған даму концепциясын таныстырған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев шаһардың даму концепциясы 4 бағытта іске асырылатын айтты.

«Әуелгі бағыт - өнеркәсіп саласын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті ілгерілету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы және әлеуметтік нысандардың және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғырту. Мәселен, Кентауда жалпы 2018-2025 жылдары өнеркәсіп саласында жобалық құны 55,5 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. 2018 жылы шағын орта бизнес саласында 760,0 млн. теңгеге 151 жоба қаржыландырылып, 265 адам жұмыспен қамтылатын болады», - деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Сонымен қатар, туризм саласын дамыту бойынша 2018-2025 жылдар аралығында демалыс орталықтарын ашып, туристік маршрутын дамыту бойынша жұмыстар атқарылмақ.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың соңына дейін қала және ауыл халқы толық орталықтандырылған таза сумен қамтылатын болады. Табиғи газбен қамтасыз ету үшін 2018 жылдан бастап ішкі орам жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 2021 жылға дейін қала және ауыл тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамту жоспарлануда.

«Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2018–2025 жылдары бір типтік үлгідегі 5-қабатты 60-пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіліп, тұрғын үйге мұқтаж, кезекте тұрған 2220 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылады.

Түркістан, Кентау қалаларының даму копцепциясын тыңдаған облыс әкімі қала әкімдеріне жобаны нақты жүзеге асыру үшін әле де зерттеп, зерделеу жұмыстарын тапсырды.