​Түркістанда 11 дүкенге ұрлық жасаған күдікті қамауға алынды

0
1 112

Ол дүкенге түнде, пластик терезелерді бұзып кіріп, ондағы ақша, бағалы заттар мен азық-түліктерді жымқырып кетіп жүрген.


​Түркістанда 11 дүкенге ұрлық жасаған күдікті қамауға алынды

ERNUR.KZ Түркістан ҚІІБ қызметкерлері жергілікті 11 дүкен рлғына қатысты 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол барлық қылмыстарын тек Түркістан қаласындағы азық-түлік дүкендерінде жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Ол дүкенге түнде, пластик терезелерді бұзып кіріп, ондағы ақша, бағалы заттар мен азық-түліктерді жымқырып кетіп жүрген. Жәбірленушілерге жалпы 1,5 миллион теңгеге жуық шығын келген.

Қазіргі таңда Түркістан ҚІІБ –ның тергеушілері аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттарын айыптау актісімен сотқа жолдады.

Күдікті уақытша ұстау абақтысында қамауда.