Түймебаев "Дарын" лауреаттары мен ұлттық чемпионат жеңімпаздарын марапаттады

0
1 378

Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы берілді және олар дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Түймебаев

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары мен «Worldskils Kazakhstan - 2018» ұлттық чемпионаты жеңімпаздарын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері түрлі саладағы әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты 10 номинация бойынша беріліп, дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсынылады.

Биылғы байқауға 300-ден аса үміткер қатысқан. Түркістан облысынан лауреаттар арасында «Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша айтыскер ақын Біржан Байтуов, «Спорт номинациясын» бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев, «Журналистика» номинациясымен «Айғақ» телерадиокомпаниясы ЖШС бас редакторы Тойболова Салтанат иеленді.

Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы берілді және олар дипломмен, төсбелгілермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, Қазақстан 2014 жылы Worldskils Ассоциация құрамына 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркеліп, биылғы жылы 4-ші рет республикада Ұлттық чемпионат болып өтті.

Түркістан облысы атынан 9 студент ағымдағы жылдың 1 – 8 желтоқсан аралығында жұмысшы мамандықтарынан Астана қаласында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan - 2018» Ұлттық чемпионатына жіберіліп, оның 7-уі жүлделі орындарға (2 алтын, 3 күміс, 1 қола, 1 медальон) ие болса, оның ішінде 2 алтын медаль иегерлері 2019 жылы тамыз айында Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткізілетін «WorldSkills Kazan – 2019» халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын.

Облыс әкімі Ж.Түймебаев жеңімпаздарды құттықтап арнайы Алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыстады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі