Түймебаев ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды

0
2 041

Елбасымыз Н.Назарбаев «Түркістан ғасырлар бойы қазақ хандығының орталығы болған және бабаларымыз жатқан тоғыз жолдың торабындағы қасиетті жер. Сондықтан Түркістан түркіәлемінің рухани-мәдени орталығы болуға тиіс» - деген болатын.


Түймебаев ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды

Түркі әлемінің ортақ шаңырағы атанған Түркістан қаласында он алтыншы халықаралық түркі әлемі ғылымдар конгресіаясында «ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына - 25 жыл» тақырыбына арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тарихи маңызы зор шара алдымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің мәдениет сарайының кіре берісінде ТҮРКСОЙ аясында ширек ғасыр ішінде ұйымдастырылған шаралардың көрінісі бейнеленген сурет көрмесінің ашылуымен басталды. Аталған көрменің тұсау кесер рәсімінде Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ТҮРКСОЙДЫҢ Бас хатшысы Д.Қасейінов, университеттің өкілетті кеңес төрағасы М.Иылдыз және өкілетті кеңес мүшесі М.Шимшек, университет ректоры Б.Абдрасиловтер көрмені аралап көрді. Одан соң көрермендер назарына Халықаралық көрме туралы бейнефильмұсынылды.

- Елбасымыз Н.Назарбаев «Түркістан ғасырлар бойы қазақ хандығының орталығы болған және бабаларымыз жатқан тоғыз жолдың торабындағы қасиетті жер. Сондықтан Түркістан түркіәлемінің рухани-мәдени орталығы болуға тиіс» - деген болатын. Осы сөз түркістандықтарға, университет оқытушылары мен студенттеріне үлкен міндет жүктейді. ТҮРКСОЙ түркілдес халықтардың мәдениет мен әдебиетін біріктіруде үлкен еңбек етуде. Түркітілдес елдердің ертеңі үшін қызмет етіп жүрген ТҮРКСОЙДЫҢ Бас хатшысы Д.Қасейіновтің еңбегін ерекше атап өтіге болады. Бауырлас елдердің ынтымағы мен достық қарым-қатынастағы жандана берсін демекпін», - деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің өкілетті кеңесімен ғылым және білім саласында өзара келісімге қол қойылды. Одан соң Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының «Құрмет» орденімен марапатталды. Жиын аталмыш оқу ордасы студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Айта кету керек былтырғы жылы«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атанғанда киелі өңірде 42-ге жуық мәдени шара өткізілген болатын. Түркі әлемінің «Наурызнама» іс-шарасы, «Түркістан және Түркология» конференциясы, Түркі әлемінің өнер иелерінің басын қосқан- ақын-жазушылардың, опера және сатирасаңлақтарының, суретшілердің басқосуыөткен күндерден сыр шертетін тарихи күндер тізбегіне айналды.