​Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлім қызметкерлері жылды қорытындылады

0
1 829

Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды


​Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлім қызметкерлері жылды қорытындылады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес аудандық мәдениет үйі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің оқу залында жылдың қорытындысы бойынша тілдерді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған мәжіліс өткізілді, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық Мәдениет бөліміне сілтеме жасап.

Мәжіліске ауылдық округ, поселке әкімдіктері, дербес бөлімдердің тіл саласына жауапты мамандары, мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қатысты.

Мәжілісте мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы Б. Сармышев, «Тілдерді оқыту мен дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры Б. Даулетов, «Тілдерді оқыту мен дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қазақ тілі пәнінің оқытушысы М. Абубакір баянда оқыды.

Баяндаманы тыңдаған қатысушылар өз тараптарынан ойларын айтып, пікірлерін талқыға салды.