Түлкібас ауданының 90 жылдық мерекесіне дайындық жұмыстары пысықталды

0
2 507

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі басшылары 90 жылдық мерей тойға орай атқарылып жатқан дайындық жұмыстары туралы баяндап өтті.


Түлкібас ауданының 90 жылдық мерекесіне дайындық жұмыстары пысықталды

Түлкібас ауданының әкімі аппаратының кезекті мәжілісінде ауданның 90 жылдығына орай дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске аудан әкімі Н.Тұрашбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Орманов, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары және дербес бөлім басшылары қатысты. Ал ауылдық округ, поселке әкімдері жиналысқа селекторлық режимде қатысып отырды.
Мәжілістің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2018 жылдың 8 айда бюджеттің игерілуі
2. Ауылшаруашылығы саласы бойынша индикаторлардың орындалуы
3. Ауданның 90 жылдығына орай дайындық жұмыстары
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Есембаева Тамара Тұрарқызы аудан әкімдігіне қатысты мекемелердің қаржыларының игерілу барысын толығымен баяндап, қаржысы игерілмеу қауіпі бар салалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаның айтып өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Желдібаев Мұстафа Битөреұлы ауыл шаруашылығы саласындағы индикаторлардың орындалу барысы туралы баяндама жасап, орындалмау қауіпі бар бағыттарды айтып өтті. Аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы индикаторлардағы межені орындай алмай жатқан ауылдық округ, поселке әкімдеріне орындау мақсатында жеке-жеке тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Керімбеков Мырзахан Батырбекұлы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы Байтуғанов Фархат Тастайбекұлы өз салаларына қатысты ауданымыздың 90 жылдығына орай атқарылып жатқан дайындық жұмыстар барысы туралы баяндап өтті.
Жиынды қорытындылағын аудан әкімі Н.Тұрашбеков дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ, поселке әкімдеріне алдағы атқарылатын жұмыстарын сапалы және толыққанды атқаруын талап ететінің айтып, аптаның алдағы жұмыс күндерінде сәттілік тіледі.