​Түлкібас ауданының аптал азаматтары марапатталды

0
1 293


​Түлкібас ауданының аптал азаматтары марапатталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған салтанатты жиын М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында болып өтті.

Жиында алдымен еліміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері жайлы бейнеролик көрсетілді. Аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан халқын құттықтап, егеменді еліміздің 27 жылда жеткен жетістіктері жайлы және ауданымызда атқарылған ауқымды жұмыстарды тілге тиек етті. Мерекелік шара барысында ауданнан шыққан бір топ ел азаматтары ауданның 90 жылдық медальімен марапатталды.

Мерекелік жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, аудандық соттың төрағасы М.Бекназаров ыстық лебізін білдіріп, ауданның бірқатар азаматтарын мерекелік медальдермен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласып, қонақтарға зор құрмет көрсетілді.