Түлкібаста іргелі білім ұясы мерейлі мерекесін атап өтті

0
2 914

Мектеп сыныптары әр оқушы тиісті деңгейде білім алуға бағытталған барлық құрал-саймандармен жабдықталған. Тарихтан сыр шертетін болсақ сонау 1938 жылы орыс мектебінен бөлініп, аудан орталығында тұңғыш бастауыш қазақ мектебі болып шыңырақ көтерген.


Түлкібаста іргелі білім ұясы мерейлі мерекесін атап өтті

Қасиетті Түркістан облысының шығыс аймағында орын тепкен Түлкібас ауданында қазіргі таңда 59 жалпы орта білім беру ошақтарында 20919 оқушы білім алуда. Сол 59 білім ордаларының ішіндегі қасиетті қара шаңырағы саналатын Абай мектеп-лицейінің құрылғанына 80 жыл толып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халқымызда «Елу жылда ел жаңа» дегендей, жарты ғасырдан асатын тарихы бар білім ошағында қазіргі таңда 949 оқушы жалпы орта білім алуда. Мектеп сыныптары әр оқушы тиісті деңгейде білім алуға бағытталған барлық құрал-саймандармен жабдықталған. Тарихтан сыр шертетін болсақ сонау 1938 жылы орыс мектебінен бөлініп, аудан орталығында тұңғыш бастауыш қазақ мектебі болып шыңырақ көтерген. Орыс мектебіне Ломоносов аты берілсе, ал қазақ мектебін сол кездегі қазақ азаматтарының ұйытқы болуымен ұлы Абай атымен атауды жөн санаған. 1945 жылға дейін Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов (Ванновка) ауылындағы Абай атындағы 7 сыныпты қазақ мектебі орталау білім беретін жалғыз мектеп болған. Осы себептен бұл мектеп ауданымыздың қасиетті қара шаңырағы деп атаған.

Жыл өткен сайын мектептің базасы кеңейіп, білім деңгейі көтеріліп, оқушылар саны артуда. Мектеп өткен жылы күрделі жөндеуден өтті.

Бұл мектептен абырой – атағы бүкіл республикаға тараған Абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, белгілі ғалым, геолог, картограф, Рысқұловтанушы Молдияр Серікбаев, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден, ішкі істер органының беделді ардагері генерал-мойор Сұлтанов Жеңісбек, қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт секілді ұлы тұлғалар түлеп ұшқан.

Мерекелік іс шара қонақтарды мектеп табалдырығынан күтіп алудан бастау алғаннан кейін ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ұласты. Мерекелік шара филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовпен осы мектепте 32 жыл қызмет етіп өмірден озған еңбек және физика пәнінің мүғалімі Сметова Күлән Есмұратқызы атынан сыныптың атауы берілу іс-шарасымен жалғасып, торқалы 80 жылдық мерейтой мектеп мұражайымен келген қонақтарды таныстырумен ұштасты. Мұражайда білім ошағының тарихы, басқарған азаматтар мен осы мектептен түлеп ұшақан тұлғалар туралы фотогалереямен экспанаттар орналастырылған.

Іс-шара білім ошағының 80 жылдығына арналған «Түркібасы ұлдары-Абай мектебі түлектері» атты практикалық конференциясымен ұласты. Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы сөз алып, мектеп ұжымымен келген қонақтарды айтулы мерекелерімен құттықтады. Шара жалғасында метеп-лицей директоры Спабекова Қарлығаш білім ордасының тарихы мен бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігі туралы баяндама жасап, мектеп түлектері филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовпен ішкі істер органының беделді ардагері генерал-мойор Сұлтанов Жеңісбек ыстық лебіздерін білдірді. Шара барысында келген қонақтарға мектеп оқушылары тарапынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Еліміз бен өңіріміздің оның ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және метепке демеушілік жасап жүрген бір топ түлектері мен мұғалімдері ауданның 90 жылдық және мектептің 80 жылдық мерейтой медалдарымен марапатталды.

Шара соңы аудан орталығында орналасқан Астана мейрамханасында түскі аспен жалғасты. Түскі ас барысында келген қонақтар аудандық және облыстық өнерпаздарының өнерлерін тамашалап, мерекелік көңіл-күй кешті.