​Түлкібаста қоларба биінен Азия чемпионының шығармашылық кеші өтті

0
1 254

Кеште Ермек Қалымбетовтың достары көрерменге өнерден шашу шашты.


​Түлкібаста қоларба биінен Азия чемпионының шығармашылық кеші өтті

Түркістан облысы, Түлкібас аудандық мәдениет үйінде қоларба биінен Азия чемпионы Ермек Қалымбетовтың «ӨМІРІММЕН ӨНЕРІМЕ ҒАШЫҚПЫН» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Тақ-Сері» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өткен кеште Ермек Қалымбетовтың өмірі жайлы бейнеролик көрсетіліп, әндері шырқалды.

- Тағдырдың ауыр тәлкегін басынан өткеріп жүрген, мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан сол ұғымды санасынан өшіріп, алдыға қойған мақсаттарына жетіп, кейінгі жастарға өңеге болып жүрген сіздей азаматқа алғысым шексіз. Мүмкімдігім шектеулі деп қол қусырып отырмай, өміріңізді би спортымен ұштастырып, қоларбада қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы және қоларба биінен Азия чемпионы болдыңыз. Сіздей қайсар мінезді азаматты Қазақ Елі әрқашан мақтан тұтады, - деді Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев өз сөзінде.

Сонымен қатар, ауданда арнайы келіп шығармашылық кешін өткізіп отырған Ермек Қалымбетовты және іс-шараны ұймдастырушы «Тақ-Сері» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгерім Есболатқызын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ концерттік бағдарлама барысында Ермек Қалымбетовтың өнерде бірге жүрген тағдырлас достары да өз өнерлерін көпшілікке тарту етіп, көрермен жүректерін баулады.

Дереккөз: Түлкібас ауданы әкімдігінің ресми парақшасы