​Түлкібаста тұрғындарға көмек көрсететін халықтық кеңсе ашылды

0
1 385

Аталмыш кеңсе мемлекеттік қызметтің 96 түрін халыққа көрсететін болады.


​Түлкібаста тұрғындарға көмек көрсететін халықтық кеңсе ашылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары халықтық кеңсенің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев арнайы келді.

Іс-сапар Түлкібас аудандық соттағы халықтық кеңсенің жұмысымен танысып, татуласу бөлмесін аралап көрумен басталды. Аудан әкімі Н.Тұрашбеков келген қонақтарға қажетті интернет желісі мен арнайы мамандармен қамтамасыз етілген аудан әкімдігінің халықтық кеңсенің жұмысымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, сотқа дейін мәселені дер кезінде шешу мақсатында жергілікті жерлерде жұмыс атқарып жатқан медиаторлармен кездесті.

Жалпы халықтық кеңсе – халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын заман талабына сай арттыру мақсатында құрылған. Бұл туралы Елбасымыз үнемі айтып келеді. Бүгінгі таңда аталмыш кеңсе мемлекеттік қызметтің 96 түрін халыққа көрсететін болады. Әрбір салада арнайы мамандар келген тұрғынға кеңес беріп, қажетті құжаттарын алуға көмектеседі. Бұл – халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін кеңсе болмақ.