Түлкібастық ардагерлер түрленген Түркістанға келді

0
627

Қариялар киелі орындарды талап, тарихымен танысты.


Түлкібастық ардагерлер түрленген Түркістанға келді

Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен әр түрлі салада қызмет еткен 30-тан астам ардагерлер мен батыр аналар Түркістан қаласының киелі орындарын аралап, зиярат етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Елінді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге қандай құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен әр түрлі салада қызмет еткен 30-тан астам ардагерлер мен батыр аналар күн санап ғарыштап дамып, түрленіп келе жатқан Түркістан облысы мен Түркістан қаласының киелі орындарын аралап, зиярат етті. Түлкібастық қариялар киелі орындарды талап, тарихымен танысты. Бұл саяхаттан аудан ардагерлері рухани серпіліп алып қайтты. Ардагерлермен бірге арнайы медицина қызметкерлері бірге жүріп, карантиндік талаптар толығымен сақталды.