​Түлкібастық таеквондошылар жүлдемен оралды

0
1 670

Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысып, бақ сынасты.


​Түлкібастық таеквондошылар жүлдемен оралды

Алматы қаласында Райымбек батырды еске алуға арналған турнир өтіп, онда Түркістан облысы, Түлкібас ауданының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қараша айының отызы мен желтоқсан айының үші аралығында өткен республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысып, бақ сынасты.

Райымбек батырды еске алуға арналған таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындауға арналған ашық республикалық турнирде Түркістан өңіріндегі Түлкібас ауданының таеквондошылары жүлделі орындардан көрініп, ел намысын қорғады.

Салмақ дәрежелеріне сәйкес жеңімпаз атанған жасөспірімдерді атап айтсақ:


  • Жаназақ Даулет 24 келi салмақта І орын,
  • Абiлхан Абдусамат 27 келi салмақта ІІІ орын,
  • Хауас Нурасыл 22 келi салмақта ІІІ орын,
  • Оналбай Муханметалi 28 келi cалмақта 1 орын,
  • Ишигов Салих 40 келi салмақта 1 орынды жеңіп алды.

Аты аталған жас таеквондошылар алдағы жарыстарда да биік шыңдардан көрінеді деп сенім мол.