Түлкібастықтар Түркістанда 2100 ағаш көшетін отырғызды

0
1 531

Түлкібастықтар Түркістан қаласында сенбілік ұйымдастырды.


Түлкібастықтар Түркістанда 2100 ағаш көшетін отырғызды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы ұйымдастырған сенбілікте 2100 түп ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының аумағынан жасыл белдеу құру мақсатында түлкібастықтар Түркістан қаласының яғни Қ.Яссауи көшесі мен «Батыс – Европа Барыс – Қытай» автодәлізімен қиылысқан тұсынан бастап, Қызыл-Орда бағытына қарай 1600 метр сол жақ жолдың бойына сенбілік өткізілді.

Ұйымдастырылған сенбілік барысында 610 түп «Павловния» ағашы, сондай-ақ 1500 түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы уақытта Түлкібас ауданы 400 – туя ағашы мен 400 – түп моживельник егуді, сонымен қатар жасыл желек аумағына су жүргізіді, қоршау жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр.