​Түлкібастың әкіміне Жоғарғы соттың Алғыс хаты тапсырылды

0
1 471

Аудан әкімі сот саласындағы қарқынды қызметі үшін марапатталды.


​Түлкібастың әкіміне Жоғарғы соттың Алғыс хаты тапсырылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналысқа ауданының дамуына және көркеюіне елеулі үлес қосқан азаматтар мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиынды Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков ашып, аудан тұрғындары мен жиынға келген қауымды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, Түлкібас ауданының дамуына және көркеюіне елеулі үлес қосқан азаматтарды «Түлкібас ауданына -90 жыл» медалімен марапаттады.

Өз кезегінде сөз алған Түлкібас аудандық сотының төрағасы Бекназаров Маратәлі Өсербайұлы да аудан тұрғындары мен жиынға келген қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Сот саласындағы қарқынды өзгерістер кезеңінде Түлкібас аудандық сотына қолдау көрсеткені үшін Түлкібас ауданының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысы Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлының және Түркістан облыстық сотының төрағасы Баратбеков Талғат Қожанұлының атынан жолданған алғыс хаттарын табыс етті.

Салтанатты іс-шара Тәуелсіздік күніне арнайы түсірілген фильмді тамашалаумен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты.