​Түлкібастың білімпаздары тарихқа саяхат жасады

0
2 393

Колледже тарихшылардың пәндік апталығы өтті.


​Түлкібастың білімпаздары тарихқа саяхат жасады

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Түлкібас агро бизнес және саяхат колледжінде әлеуметтік-экономикалық пәндік циклдік комиссиясының тарих және қоғамдық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге» атты «Тарихшылар» пәндік апталығы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі коллеждің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апталықтың ашылу салтанаты 1-Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған презентациямен басталды. Алғашқы бөлімде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны, атқарған қызметтері туралы бейнероликтер, слайдтар көрсетілді.

Апталық барысында оқытушылар А.Абсеметова мен С.Исламкуловтың ұйымдастыруымен «Елдің туын желбіреткен Елбасы!» атты Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт, оқытушылар О.Байсериков пен Л.Исабаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» тақырыбында кездесу, оқытушылар Р.Таңатбаева мен А.Шариповтың жетекшілігімен «Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Мен жастарға сенемін» тақырыбында жатақхана студенттері арасында дебат, тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары А.Калыбаеваның, М.Сұлтанованың, Ф.Эшанкулованың ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға байланысты дөңгелек үстел өткізілді, оқытушылар Е.Савденбеков пен А.Шарипов колледж студенттерімен бірге «Түлкібасы – туған өлкем, Қазынаға тұнған өлкем!» атты тақырыбында Түлкібас ауданының 90-жылдық мерейтойына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды.