​Түлкібастың оқушылары желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті

0
1 526

Тәуелсіздік мерекесінің 27-жылдығына орай тарихи кездесу білім ордасында болды.


​Түлкібастың оқушылары желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті

сурет: qamshy.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты М. Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік мерекесінің 27-жылдығына орай тарихи кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мерекелік жиынға Ауған соғысының ардагері Керімхан Кеңесұлы Құлтаев пен желтоқсан оқиғасына қатысушы Ережепова Ажаргүл Шүкірқызы қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар мектеп-гимназияның басшысы С. Оспанбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Бөртаев пен мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Келелі кездесуде сөз алған ардагерлер өздерінің өмірлерінен сыр шертіп, бүгінде тарих төрінен орын алған Тәуелсіздікке қалай жеткені жайлы қызықты оқиғаларын айтып берді.

«Менің бойымдағы отансүйгіштік қасиетім Тәуелсіздік тұғырын биікке шығаруға себеп болды. Бүгінгі кез келген жас өреннің жүрегінде Отанға деген, елге деген қасиетті құрмет, шынайы сүйіспеншілік болу керек. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі қазақ елінің болашағы. Сондықтан да оқушылардың санасына Тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы табандылық пен қайсарлықтың арқасында келгенін ұғындыру керек», дейді желтоқсаншы Ажар Шүкірқызы.

Тарихи кездесу соңында білім ордасының басшысы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, арнайы сый-сияпаты мен гүл шоқтарын табыстады.