​Түлкібастың студенттері «Жас Отанға» қабылданды

0
2 215

Салтанатты рәсімге келген қонақтар мен колледж ұжымы студенттердің 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламасын тамашалады.


​Түлкібастың студенттері «Жас Отанға» қабылданды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында "Жас Отан" Жастар қанаты құрамына Түлкібас көпсалалы колледж студенттерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудандық жастар орталығына сілтеме жасап.


Салтанатты іс-шара 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Атаулы күнге орай өткізілген жиынға Түлкібас аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы, Түлкібас көпсалалы колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Салтанатты басқосуға "Нұр Отан" партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы төрағалық етіп жүргізді. Іс-шара барысында колледж студенттері "Жас Отан" Жастар қанатына толықтай өтті. Жастар қанаты құрамына мүше болғандардың арасынан бөлімше басшысы және сектор мүшелері сайланып, алда атқарылатын жұмыстарымен танысты.

Салтанатты рәсімге келген қонақтар мен колледж ұжымы студенттердің 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламасын тамашалады.