Тұңғыш Президент күніне арналған он күндік іс-шара өтті

0
6 170

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы "Жеңіс" мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент күні аталып өтті.


Тұңғыш Президент күніне арналған он күндік іс-шара өтті

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай, Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты «Жеңіс» мектеп-гимназиясында 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында онкүндік өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

фото: ru.slovoidilo.ua

Онкүндіктің ашылуы 23 қараша күні салтанатты жиналыспен басталды. Ұйымдастырушылар барлық оқушыларға, мұғалімдерге онкүндіктің маңыздылығы туралы айта келе, оның жоспарымен таныстырды.

23 қараша күні Президентке арналып арнайы қабырға бұрышы жасалынса, 24 қарашада «Қазақстанның тұңғыш Президенті» тақырыбында арнайы көрме ұйымдастырылды. 26 қараша күні «Әлем мойындаған Елбасы», 27 қараша күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сахналастырылған ашық тәрбие сабақтары көрсетілді.

Сонымен қатар, 28 қараша күні «Елі үшін туған ерен Ер» айдарымен жас шығармашыл оқушылардың өлең және шығармалар байқауы, 29 қараша күні «Менің елім, менің Қазақстаным!» тақырыбында оқушылар арасында сурет және қолөнер жұмыстарының байқауы өткізілді.

30 қараша күні тұңғыш Президент күніне арналған 9-сыныптарда ашық тәрбие сабақтары өтілді. 3 желтоқсан күні атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үздіктер марапатталды.

Өткізілген онкүндік барысында Президентімізге арналған стенділер, альбомдар, сабақ талдамалары шығарылды. «Жеңіс» МГ-ның директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы еліміздің Тұңғыш Президентінің халыққа деген адалдығы мен жанашырлығы және қазақтың бағына туған дара тұлға екенін әңгіме етті. Мәңгілік елімізді дамыған 50 елдің қатарына қосып, терезесі тең, керегесі кең болуына қосқан үлесі мен ерен еңбектері туралы тереңінен атап өтті.