"Turan Barysy" Азия кубогы басталды

0
2 867

Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі.


ERNUR.KZ. Түркістан қаласында "Olympic center" спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен "Turan Barysy" Азия кубогы басталды, деп жазады sputnik.kz.

Жарысқа Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып жатыр.

"Қазақ күресі – түркі жұртына етене жақын өнер түрі. Байырғы бабаларымыз балуандықты нағыз жігіттің ерекше сипаты деп білген. Қазақ күресі бұған дейін де "Әлем Барысы", "Еуразия Барысы", "Қазақстан Барысы" секілді жобаларымен халыққа, әлем жұртына кеңінен таныс. Бүгін тұсауын кескелі отырған "Turan Barysy" болашақта спортсүйер қауымның қызығып тамшалайтын үлкен жобасына айналады деп сенемін", - деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.
Турнирдің ашылуында жеребе тарту рәсімі өтті. Бірінші топта Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан құрамалары, екінші топта Қырғызстан, Түркия, Қазақстан құрамалары өзара мықтыны анықтайды.