Тұрғындарға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру шарасы өтті

0
1 614

Шарада негізінен улы газбен уланудың алдын алу жолдары сөз болды.


Тұрғындарға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру шарасы өтті

Түркістан облысы Отырар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен Талапты ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлері бірлесіп ауыл тұрғындарына газды дұрыс пайдалану, қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және тұрғын үй өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сонымен қартар, шара барысында иісті газдан уланудың алдын алу бойынша ескертпе парақшалары таратылды.
"Иісті газдан улануы келесі жағдайда болуы мүмкін:
- ақауы бар пеш жанып жатқан немесе түтін алып кеткен бөлмеде т.б. жерлерде қалып қойған адамдарда,
- қозғалтқышы істеп тұрған жабық гаражда және автокөлікте ұзақ уақыт қалып қойған адамдарда.
Уланудың алдын алу:
Тұрмыстық жағдайда қатты немесе сұйық отынмен істейтін жылу беру қазандықтары жарамдылығы мен мұржаларының таза болуы, жылу беру орталықтарының желдеткіші болуы.
Алғашқы медициналық көмек көрсету:
1. 103 нөмері арқылы жедел жәрдем шақыру
2.Есік терезелерді ашып зардап шегушіні таза ауаға шығару
3.Жасанды тыныс беру
4. Мұсатырлы спиртті иіскетіп немесе жоғары ерін мен мұрын арасына өткір тырнақпен массаж жасау
5. Зардап шеккен адамға ыстық шәй беру
Болмайды!", делінген ескертпе парақшаларында.