ТҮРКІСТАН: 1 жасар бала 4 метрлік дәретханаға түсіп кетті

0
632

Құтқару жұмыстарына 10 қызметкер жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: 1 жасар бала 4 метрлік дәретханаға түсіп кетті

Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен нәрестені құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 12 мамырында «112» қызметіне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылғы туылған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті.


Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды.


Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруіненкейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.