ТҮРКІСТАН: 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақы алады

0
2 410

39 мың көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген.


ТҮРКІСТАН: 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақы алады

Түркістан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға былтыр 24,4 млрд. теңге қаралды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы Түркістан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға былтыр 24,4 млрд. теңге қаралған. Оның аясында 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Бүгінде облыстағы 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақы алады. 2020 жылы жоспарланған 50 мыңдай көпбалалы отбасының 39 мыңы атаулы әлеуметтік көмекке жүгініп, оларға 14 млрд. теңгеге көмек тағайындалды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 64,3%-ға кеміген.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік осал топтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жұмысынан айрылу салдарынан табысы төмендеген 880 мыңнан астам азаматқа жалпы соммасы 37,3 млрд. теңгеге 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер ұсынылған. 170 мыңға жуық 6-18 жас аралығындағы АӘК алушы балаларға, мүгедектер мен жұмыссыз азаматқа 3,7 млрд.теңгеге 5 567 теңге көлеміндегі өтемақы түрінде азық-түлік-тұрмыстық пакеттер берілді.

Айта кетейік, ел алдындағы есептік кездесуін өткізген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Пандемияға байланысты биыл есептік кездесу онлайн форматта, карантин талаптарына сай ұйымдастырылды.