ТҮРКІСТАН: 100 орындық провизорлық орталық дайындалып жатыр

0
693

Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайды.


ТҮРКІСТАН: 100 орындық провизорлық орталық дайындалып жатыр

Ордабасы ауданында 100 адам сиятын провизорлық орталық дайындалуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық дайындалып жатыр. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, аудандағы Темірлан елді мекенінде «Арбат» аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме – «АРТ Құрылыс» ЖШС-і. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталмақ.

Айта кетерлігі, биыл аудан орталығы Темірланда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталған мектеп биыл жаңа оқу жылына орай есігін ашады. Биыл 1 ауысыммен оқыту жұмыстары жүретін болады.

Сондай-ақ, аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл толық пайдалануға берілген нысан - абаттандыру жұмыстары жүргізілген «Орталық саябақ». Онда Даңқ мемориалы, ауданның құрметті азаматтарының аллеясы, ботаникалық бақ пен спорттық алаңшалар орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 5 гектар.