ТҮРКІСТАН: «100» шаршы дойбыдан облыс біріншілігі басталды

0
323

Мықтылығымен көзге түскен спортшылар облыс құрамасына шақырылмақ.


ТҮРКІСТАН: «100» шаршы дойбыдан облыс біріншілігі басталды

«100» шаршы дойбыдан Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан қаласындағы №18 Ж.Еділбаев жалпы орта мектебінің ғимаратында «100» шаршы дойбыдан ұлдар және қыздар, жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында классика, рапид және блицтен Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды.


Сайысқа Жетісай, Сауран, Сарыағаш, Созақ, Ордабасы және Қазығұрт аудандары мен Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларынан жалпы саны 86 спортшы қатысып, өзара бас сынасып жатыр.


Бұл додада өз мықтылығымен көзге түскен спортшылар облыс құрамасына шақырылмақ.


Сондай-ақ, дойбыдан ел чемпионаты маусым айының 18-28 аралығында Тараз қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.