ТҮРКІСТАН: 100 жастағы ардагерге үш бөлмелі пәтер берілді

0
664

Ұл-қыздарынан 33 немере, 49 шөбере және 6 шөпшек сүйіп отыр.


ТҮРКІСТАН: 100 жастағы ардагерге үш бөлмелі пәтер берілді

Түркістан облысында 100 жастағы ардагерге үш бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жеңіс мерекесінің қарсаңында 100 жастағы соғыс ардагері Эрмохан Ишхоновқа үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.


Қария аудан әкіміне алғысын білдіріп, майдан даласында басынан кешкен тарихи оқиғаларын айтып берді. Соғыс ардагері бүгінгі таңда ұл-қыздарынан 33 немере, 49 шөбере және 6 шөпшек сүйіп отыр.


Эрмохан Ишхонов 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. 1948 жылы әскери қызметін тоқтатып, оған I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы» ордендері берілген. Сонымен қатар «Мінсіз қызметі үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.