ТҮРКІСТАН: 14 жасар қыз үйден шығып қайта оралмаған

0
1 197

Жоғалған қызды іздестіруге Ордабасы АПБ-нің толық құрамы, оның ішінде кезекші полицейлер, учаскелік инспекторлар және жедел-іздестіру қызметкерлері жұмылдырылды.


ТҮРКІСТАН: 14 жасар қыз үйден шығып қайта оралмаған

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 14 жастағы қызды іздеп тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданы Темірлан елді-мекенінің 14 жасар тұрғыны үйінен 21 сәуір күні шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы полицейлерге кәмелетке толмаған баланың әкесі хабарлаған. "14 жасар жоғалған қызды іздестіруге Ордабасы АПБ-нің толық құрамы, оның ішінде кезекші полицейлер, учаскелік инспекторлар және жедел-іздестіру қызметкерлері жұмылдырылды.

"Тәртіп сақшылары барлық бағыттарға өз бөлімдерін жіберді және хабарсыз кеткеннің мекенін анықтау үшін шұғыл іс-шаралар қолданды. Ордабасы аудандық полицей қызметкерлерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізуінің нәтижесінде, жоғалған қыз табылып, ата-аналарына қайтарылды"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Қыздың анасы Дүйсенбекова Нұргүл Ордабасы аудандық полицейлерін қызды іздестіру ісінде шұғыл көмек көрсеткені үшін және үйіне тірі, дені сау қалпында қайтарғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.