ТҮРКІСТАН: 2 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды

0
816

Зейнеткерлерге санаториялық - курорттық емделуге 500-ге жуық жолдама берілді.


ТҮРКІСТАН: 2 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды

Сарыағашта 2 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 2020 жылдың алғашқы 11 айында 2135 отбасыға 704 млн 059,8 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік тағайындалған. Сондай-ақ, арнайы жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде өмір сүру деңгейі қиын деп танылған 134 отбасыға «Қамқорлық» жобасы аясында тиісті көмек көрсетілді. Мәселен, Дарбаза ауылдық округінде 8 баласы бар жалғызбасты анаға жергілікті кәсіпкерлер баспана салып берген.

Одан бөлек, 297 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалып, ардагерлер мен зейнеткерлерге санаториялық - курорттық емделуге 500-ге жуық жолдама берілді. Сонымен қатар, протез-ортопедиялық құралдарын және гигиеналық құралдар алу бойынша түскен өтініштер қанағаттандырылған.

Ал, үйде тәрбиеленіп оқытылатын 330 мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу жылына 16 млн 245,9 мың теңге мөлшерінде қаржы төленген. Сондай-ақ, І топтағы 66 мүмкіндігі шектеулі жанға инватакси, 94 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік такси қызметі ұсынылды.