ТҮРКІСТАН: 2000 гектардан астам игерілмеген жер кері қайтарылды

0
602

11 жер учаскесінің игерілмегені анықталған.


ТҮРКІСТАН: 2000 гектардан астам игерілмеген жер кері қайтарылды

Ордабасыда игерілмеген 2300 гектардан астам жер кері қайтарылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы игерілмеген 2300,2 гектар жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды. Бұл іс-шара шаруаларға қатысты 2 жыл жыл ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде іске асырылып отыр.

Қазіргі уақытта Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырған. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, Төрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне алынған жер учаскелеріне «КазАвтоЖол» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып рәсімделді. Сонымен қатар, автомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде жалпы көлемі 131,4 гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені анықталған. Жер пайдаланушыларына тиісті нұсқамалар таратылып, жер учаскелерін 2 жыл қатарынан игермеген жағдайда, сот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.