ТҮРКІСТАН: 23 адам қар құрсауында қалып қойған

0
754

"Ұланбел-Созақ-екпінді" облыстық маңызы бар автожолы жабылған.


ТҮРКІСТАН: 23 адам қар құрсауында қалып қойған

Түркістан облысында қар құрсауынан 23 адам құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 06 ақпанында «112» қызметіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан 135 шақырым жердегі "Ұланбел-Созақ-екпінді" облыстық маңызы бар автожолының жабық учаскесінің 577-642 шақырымында жолаушылары бар 53 автокөлік қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Төтенше жағдай орнына келген құтқарушылар 53 автокөліктен 23 адамды құтқарып, олар Жартытөбе ауылындағы Тастемірсай жылыту бекетіне орналастырылды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.


Атап өтсек, авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.


Естеріңізге сала кетейік, сағат 20.16-дан бастап Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 577-642 шақырымы аралығындағы "Ұланбел-Созақ-екпінді" облыстық маңызы бар автожолы жабылған болатын.