ТҮРКІСТАН: 240 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

0
442

Медициналық құрал-жабдықтардың 2 айлық резервтік қоры бар.


ТҮРКІСТАН: 240 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Түркістан облысында 240 мыңға жуық адам ревакцинациядан өткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда Түркістан облысы коронавирус инфекциясының аурушаңдығы бойынша Республика бойынша жасыл аймақта. Облыс аумағында ревакцинация жалғасуда. Жалпы ревакцинация үшін 570 250 вакцина жеткізіліп, 238 432 адам екпе қабылдаған. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова мәлімдеді.


«Түркістан облысында «Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасын егу жұмыстары жалғасуда. Облыстық вакцина сақтау қоймасына екпенің 442 610 дозасы жеткізілген. Қазіргі сәтте вакцинаның І-компоненті 166 918 адамға, II-компоненті 95 934 адамға егілді. Ескере кететін жайт, жасөспірімдерге екпе егу жұмыстары ата-анасының рұқсатымен немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады», – деді Алтын Мейрамбайқызы.


Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелерде дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтардың 2 айлық резервтік қоры бар. «СҚ-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтардың қосымша қорына тапсырыс беріліп, олардың кезектен тыс жеткізілу жұмыстары ұйымдастырылған. Вакцинациялау жұмыстары облыс көлемінде жоспарға сәйкес жүргізілуде.