ТҮРКІСТАН: 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

0
1 693

42 шақырым жол орташа жөндеуден өткен.


ТҮРКІСТАН: 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

Сарыагаш ауданында 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 34 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауыл арасындағы көпірлер мен өткелдер де ретке келтірілген. Ағымдағы жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Қабланбек пен Ынтымақ елдімекендеріндегі 27 көшенің, яғни 42 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Сарыағаш қаласы мен Құркелес, Жібек жолы, Қабланбек, Қызылжар ауылдық окруктеріндегі 5 көшенің 9 шақырымы ретке келтірілген.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Құркелес пен Жарты төбе ауылдық окруктерін байланыстырып тұрған Келес өзені бойындағы көпірдің құрылыстары жүргізіліп, аяқталды. Аудандық бюджет есебінен Сарыағаш қаласының орталық С.Ысмайылов көшесінің 3,7 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ су астауларын бұзу және ауыстыру, аяқ жолдарды салу жұмыстары атқарылған. Осылайша бірқатар ауылдар мен елдімекендерде көлік қозғалысына жағдай жасалып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.