ТҮРКІСТАН: 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді

0
1 270

Қияр, қызанақ, баялды, болгар бұрышы, лимон егілді.


ТҮРКІСТАН: 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді

Сайрам ауданында 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданында 41,7 гектар жылыжайлар аумағына қияр, қызанақ, баялды, болгар бұрышы, лимон егілді. Сондай-ақ, аулалар мен көшелерді көріктендіру мақсатындағы гүл көшеттері де жылыжайларда өніп жатыр.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округіндегі 30 адамды жұмыспен қамтып отырған «Нар-Ата» шаруа қожалығында болды. Аталған жылыжай 2020 жылдың қазан айында өз жұмысын бастаған. Қожалық басшысы Е.Элдарбек егіншілік жайын айтып, сол маңда инфрақұрылым жүйесін жақсарту туралы өтінішін жеткізді. Аудан әкімі тиісті шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.