Түркістан: 5 адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
2 562

Облыс басшысы Полиция департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды.


Түркістан: 5 адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс басшысы Полиция департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді. 5 азаматтың денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.
Сондай-ақ 28 ақпанда сағат 11-де барлық мүдделі органдардың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.


Еске салайық, Түркістанда бір отбасының бес мүшесі уланып қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.