ТҮРКІСТАН: 50 жастан асқан адамдарға Pfizer вакцинасын салу басталды

0
629

Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге рұқсат етіледі.


ТҮРКІСТАН: 50 жастан асқан адамдарға Pfizer вакцинасын салу басталды

Елімізде вакцинациялауға және ревакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді. Енді 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін вакциналық препараттардың барлық түрлері, соның ішінде Pfizer қолжетімді болады. Бұл туралы мәлімдеген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған нұсқаулықтың бүгін келіп түскенін айтты.


Атап өтсек, Pfizer вакцинациясы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, яғни бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге рұқсат етіледі.


Сондай-ақ, Pfizer вакцинациясына Қазақстанда "Комирнати" вакцинасымен вакцинациялаудың бастапқы курсын аяқтау үшін шетелде "Комирнати" вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар жіберіледі. Еске сала кететін жайт, "Комирнати" (Пфайзер) КВИ – ға қарсы вакцинациялауға жатады: 1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер - жүктіліктің 16-дан 37-аптасына дейін; 3) лактация кезеңіндегі әйелдер - бала 2 жасқа толғанға дейін, босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң (42 күннен кейін).