ТҮРКІСТАН: 500 мыңнан астам адам вакцина салдырды

0
349

Соңғы тәулікте 77 адамда COVID-19 індеті анықталды


ТҮРКІСТАН: 500 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Түркістан облысында соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаса, жалпы облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцинацияланған.


Атап өтсек, Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax мен қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.


Айта кетейік, соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 1,02 % құрайды. Облыста 846 038 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 570-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді. Олардың 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.