ТҮРКІСТАН: 540 мыңнан астам азамат 42500 теңгеден алған

0
634

23,1 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем берілген.


ТҮРКІСТАН: 540 мыңнан астам азамат 42500 теңгеден алған

Түркістан облысында 42500 теңгені 540 мыңнан астам азамат алған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерінде 42500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау жұмыстары наурыз айының соңында басталған болатын. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 544,5 мың азаматқа 23,1 млрд. Теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

«Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары арқылы ұсынады. Олардың қызметінің шектелу фактісін құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтардың өкілдері кіретін аудандық және қалалық штабтар растайды. Басқа санаттағы азаматтар төлемдерді тағайындау үшін өз бетінше өтініш береді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға біржолғы төлемге өтініш беру үшін бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қайта төлеу міндетті емес. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады», - дейді Әсия Құралқызы.