ТҮРКІСТАН: 59 қызмет түрі бойынша тарифтер төмендетілді

0
1 037

Түркістан облысында коммуналдық қызметтерге арналған төлем түбіртек бланкілерін өңдегені үшін, тұтынушылардан 150 теңге мөлшерінде алынатын комиссиялық төлем, жеке тұлғалар үшін – 50 теңгеге төмендетіліп, зейнеткерлер, мүгедек жандар және ҰОС ардагерлері мен теңестірілгендер үшін – тегін болды.


ТҮРКІСТАН: 59 қызмет түрі бойынша тарифтер төмендетілді

Түркістан облысы табиғи монополиялар субъектілері тұтынушылардың ақпан айы бойынша коммуналдық қызмет түрлері бойынша тұтынған түбіртектерінде тарифтердің төмендетілгені туралы хабарландыру көрсетіле отырып, наурыз айында берілетін болады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Қымбат Бейсенов айтып өтті.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, облыстағы 49 нарық субъектілерінің 59 қызмет түрі бойынша тарифтері төмендетілді. Төмендетілген тарифтер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3,04 млрд.теңгені құрайды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Қазпошта» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) тарапынан коммуналдық қызметтерге арналған төлем түбіртек бланкілерін өңдегені үшін тұтынушылардан 150 теңге мөлшерінде комиссиялық төлем алынатындығы анықталып, аталған комиссиялық төлемнің мөлшерін азайту мақсатында, Департаментпен тиісті жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде коммуналдық қызметтерге арналған төлем түбіртек бланкілерін өңдегені үшін, тұтынушылардан 150 теңге мөлшерінде алынатын комиссиялық төлем, жеке тұлғалар үшін – 50 теңгеге төмендетіліп, зейнеткерлер, мүгедек жандар және ҰОС ардагерлері мен теңестірілгендер үшін – тегін болды.