ТҮРКІСТАН: 600 тонна гуманитарлық көмек үшін 600 тонна қырыққабатты тегін берді

0
814

​Мақтааралдық кәсіпкер гуманитарлық көмек әкелушілерге 600 тонна қырыққабатты тегін таратты


ТҮРКІСТАН: 600 тонна гуманитарлық көмек үшін 600 тонна қырыққабатты тегін берді

Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер.

Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан көмекке алғыс қайтару мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен жеке кәсіпкер Қанат Маратұлы 600 тонна қырыққабатты гуманитарлық көмекті тиеп алып келген өңірлердің жүк көліктеріне тегін таратуда.

Оның айтуынша, мақтааралдықтарға қиын тұста көмек қолын созған азаматтарға алғыспен жауап қату – азаматтық парыз болмақ.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда эвакуациялық пункттерде орналасқан азық-түліктің 218 тоннасы тасқыннан зардап шеккен тұрғындар тарқатылған.