ТҮРКІСТАН: 6000-ға жуық адам жұмыспен қамтылды

0
581

Кәсіби даярлауға 198 азамат 8 мамандық бойынша яғни, дәнекерлеуші, электромонтер, аспаз, тігінші т.б оқыту жоспарланды.


ТҮРКІСТАН: 6000-ға жуық адам жұмыспен қамтылды

Түркістанда жыл басынан бері 6000-ға жуық адам жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” шеңберінде 5898 адам әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Оның iшiнде санаттары бойынша:

- Жұмыссыздар – 2006 адам;

- Өздiгiмен жұмыспен қамтылғандар – 503 адам;

- Жұмыс iздеушiлер – 3389 адам.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 635 азамат өтініш білдірген. Оның ішінде кәсіби даярлауға 198 азамат 8 мамандық бойынша яғни, дәнекерлеуші, электромонтер, аспаз, тігінші т.б оқыту жоспарланды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» жобасына, бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған табысы аз және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыру бойынша 298 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Сондай-ақ, микроқаржы ұйымы және бірінші деңгейлі банк арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы 6 адамға шағын несие берілсе, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына кәсіпкерлік негіздерін оқыту барысында 554 тыңдаушыға жолдама берілген болатын.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 164 азамат, Жастар практикасына 482 азамат, қоғамдық жұмысқа 1325 азамат, бос орындар арқылы тұрақты жұмысқа 2392 азамат және қала бойынша ашылған 9016 жаңа жұмыс орындарына орталық арқылы 1535 азамат бағдарлама шеңберінде қатыстырылып, жұмыспен қамтылды.