ТҮРКІСТАН: 64 мың түлкібастық тұрғын халық санағынан өтті

0
639

Аудан халқының 56,3 пайызы Ұлттық саннаққа қатысып отыр.


ТҮРКІСТАН: 64 мың түлкібастық тұрғын халық санағынан өтті

Түлкібас ауданында 64 мыңға жуық тұрғын ұлттық халық санағынан өткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізіліп отырған халық санағы биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілуде. Бүгінде 113 мыңнан астам халқы бар Түлкібас ауданында Ұлттық халық санағына 63 мың 803 тұрғын қатысқан. Оның ішінде І-кезең, яғни онлайн санаққа 46 мың 831адам, халық санына шаққанда 41,3 пайызы. ІІ-кезең, офлайн саннаққа(дәстүрлі үйме-үй аралау арқылы) 16мың 972 тұрғын қатысқан. Қос кезеңді қосқанда жалпы аудан халқының 56,3 пайызы Ұлттық саннаққа қатысып отыр.


Бүгін аудан әкімі Ұлттық санаққа жауапты мекеме басшылары мен ауыл әкімдерін арнайы жинап, маңызды шарада белсенділік танытуды тапсырды.


Аудандық статистика басқармасының басшылық құрамына жұмысты төмен деңгейде ұйымдастырғандары үшін сын-ескерту жасап, жауапты орынбасары мен ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысына ауданды екі зонаға бөліп, Ұлттық саннаққа қатысты жұмысты жылдамдатуды тапсырды. Сондай-ақ, округ әкімдері мен басқа да мемлекеттік мекемелер маңызды кезеңде белсенділік танытып, Ұлттық санақтың сапалы әрі мерзімінде аяқталуына ат салысу қажеттігін атап өтті.