ТҮРКІСТАН: 7 қабатты 10 тұрғын үйдің шатыры балалар алаңына айналады

0
1 787

7,7 га. жерде 4 кезеңнен тұратын ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: 7 қабатты 10 тұрғын үйдің шатыры балалар алаңына айналады

Түркістан қаласындағы 7 қабатты 10 тұрғын үйдің шатыры балаларға арналған ойын алаңына айналады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ойын алаңшаларының ең сапалы құрылыс материалдарынан салынып, қауіпсіздіктің қатаң сақталуын мықтап міндеттеді. Айта кету керек, аталған жоба арнайы мемлекеттік сараптамадан өтіп, мақұлданды. Аймақ басшысы жауапты басқарма басшыларымен бірге әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады. Мұнда 7,9 және 12 қабатты жалпы 89 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 7 қабатты 7 үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, банк арқылы берілген. 7 қабатты 24 тұрғын үйдің аумағына су, газ, электр қуаты мен кәріз жүйесімен жабдықтау мен тұрғын үй аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Басым бөлігінде арнайы жерасы автотұрақтар болады. Көпқабатты үйлердің газ қазандықтарын орнату және ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы «Әзірет Сұлтан мұражай-қорығының» аумағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жалпы аумағы 7,7 га. жерде 4 кезеңнен тұратын ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Ботаникалық бақ, екі бірдей аллея, декоративті тоған құрылысы қарқынды жүруде. Жоспар бойынша мұнда мыңға жуық ағаштар отырғызылады. Германия және Бельгия елдерінен арнайы әкелінген көшеттер, Өзбекстаннан сатып алынған тұт, қарағай, шие, алма ағаштары, каштан егіледі. Сондай-ақ, 18 мың бұталар мен Германиядан сатып алынған 14 мың ландшафты және альпинистік раушан гүлдері мен су лалагүлдері егіледі. Топырақты құнарландыру үшін сала мамандары кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Саябақтар жарықтандырылып, тастар төселіп, кесене аумағы оазиске айналады.

Түркістан қаласында биылғы жылы ашылған Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің айналасы абаттандырылуда. Биік бағаналар орнатытып, жан-жағы көгалдындырылуда. Тарихи – мәдени орталық аумағындағы Түркістан көмекші мектеп-интернатын қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Оқу корпусы және жатақхана пайдалануға беруге дайын.