ТҮРКІСТАН: 755 адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен

0
778

Құтыру ауруына қарсы вакцина ектірген абзал.


ТҮРКІСТАН: 755 адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен

Жыл басынан бері755түркістандыққаңғыбаситтерден зардап шеккен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аса қауіпті жұқпалы ауралардың алдын-алу шаралары Түркістан облысының СЭБД-нің қатаң бақылауында. Адам өміріне қауіпті аурулардыңбірі - құтыру дерті бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.


Өңірде жыл басынан бері жалпы 3 580 азамат әртүрлі жануарлардан жарақат алған.3 192 адамды ит қапса, оның ішінде 755 азамат қаңғыбас иттен зардап шеккен.120-сымысықтан, 49-ы жылқыдан, 9-ы уақ малдан,68 басқа да жануарлардан зардап шеккен.


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары ветеринариялық қызмет мамандарымен бірлескен шараларды жүзеге асырып, орын алған ошақтарда тексеру жұмыстарын жүргізуде. 20жануар құтыру ауруына күдікті ретінде тексеріліп, оның 1-і оң нәтиже берген.


Құтыру ауруыныңвирусы адамғаауру жануарларданжарақат алған жағдайда, тістелген, тырналған немесе сілекейленген кезде зақымдалған тері қабаты арқылы еніп, нерв талшықтарыменжұлын миына жету арқылы болатын қауіпті ауру. Оның емі жоқ, алайда алдын алу маңызды. Сондықтан, жарақат алған адам тез арада медициналық көмекке жүгініп, көрсеткіштер бойынша антирабикалық егу курстарын алуы керек.


Құтыру ауруына шалдығу бірден біліне қоймағанымен, клиникалық көріністері тістелген орынға байланысты 10 күннен 1 жылға дейін созылады. Өкінішке орай,елдімекендердің көпшілігінде тұрғындариттерін байлаусыз, бос жібере салады. Осындайфактілер өзге адамдардыңөмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.


Ит, мысық т.б жануарларды асыраған жағдайда оларды уақытылы мал дәрігерлеріне көрсетіп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектірген абзал. Мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап, әсіресе балаларданаулақ ұстаған жөн.

Бөлісу