ТҮРКІСТАН: 900 тоннаға жуық жаңғақ өнімі жиналды

0
2 115

Келісін 1400-1800 теңгеден саудалауда.


ТҮРКІСТАН: 900 тоннаға жуық жаңғақ өнімі жиналды

Түлкібас ауданында жаңғақ шаруашылығы қарқынды дамып келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында соңғы 3 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығы қарқынды дамып келе жатыр. Әдетте жаңғақ ағашы облыстың барлық өңірінде өсе бермейді. Тек Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде ғана және үйіргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының аумағында жаңғақ ағаштарын өсіріп, одан өнім алумен осы мерзімге дейін үй іргелік жерлерде ғана айналысып келген еді. Соңғы үш жылда аталған ауданда 382 гектар жерге жаңғақ ағашының көшеттері отырғызылған.

Айта кетерлігі, аймақ бойынша биыл жаңғақ дақылынан 866 тонна өнім жиналып отыр. Кәсіпкерлер аудандық орталық базар жанынан қабылдау пунктерін ашып, сапасына қарай келісін 400-700 теңгеден сатып алып жатыр. Одан кейін өнімді қайта өндеуден өткізіп, қабығынан ажыратып, облысымыздың ірі сауда орталықтары мен кондитерлік цехтарға немесе басқа өңірлерге келісін 1400-1800 теңгеден саудалауда. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түспек.