ТҮРКІСТАН: Адам өлтіру фактісін жасырған полицейлер ұсталды

0
2 845

ҚР Бас прокуратурасы адам өлтіруге қатысы бар деген күдіктіні жасырған Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеушілерін қамауға алды.


ТҮРКІСТАН: Адам өлтіру фактісін жасырған полицейлер ұсталды

ҚР Бас прокуратурасы Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеушілері А. Қалдибеков, Е. Қалиев, сондай-ақ осы басқарманың тергеу бөлімінің бастығы М. Сарманов, В. Сухаревтің өлімінің мән-жайын тергеу кезінде аса ауыр қылмысты жасыру және қызметі бойынша әрекетсіздік сезігіне байланысты қамауға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда аталмыш лауазым иелері соттың санкциясымен қамауға алынып отыр. Нақтырақ айтсақ, олар 2018 жылдың қазан айынан бастап В. Сухаревты өлтірудің анық белгілері және күдікті адамды анықтау кезінде оны ұстап алу және көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолданбады деп күдіктелуде.

Аталған фактіні тергеушілер жасырып, қылмыстық емес оқиға ретінде тергеген. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында прокуратура органдарының араласуынан кейін ғана қылмыстық іс кісі өлтіру және оны жасаған күдікті Ю. Тарасов тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазірде облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен Түркістан қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылып, қылмыстық істі тергеу Түркістан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды және Бас прокуратураның бақылауына алынған.

дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі