ТҮРКІСТАН: Ахметжан Есімов пен Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

0
949

Меморандум аясында 9 бағыт бойынша ынтымақтастық жасалынды.


ТҮРКІСТАН: Ахметжан Есімов пен Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Түркістан облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оған Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді.

Осылайша, ақылды қала (Smart City) Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысын күтіледі, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.

«Бұл дайындалған меморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенеміз»,- деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Меморандумның басым бөлігі сатып алу мәселесіне, атап айтқанда импорт алмастыру және жергілікті қамтуды дамытуға арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы Түркістан облысында жаңа өндірістерді құруды көздейтін жобаларға қолдау көрсетеді және жәрдем көрсетеді. Әкімдік өз тарапынан жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде МЖС арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, тараптар Түркістан облысының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор БЦП бар балаларды оңалту бағыты бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге, инкюзияны қолдау кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыруға, салауатты өмір салты мен спортты танымал етуге 7100-ден астам адам қаржылай қолдау көрсетеді. Мәселен, Түркістан қаласындағы амфитеатр, оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражай, конгресс холл, "Smart City" жобасы сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге жалпы 33,6 млрд.теңге бөлінді.